Кеше, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары
Ел намысын қорғауға Бейжіңге еліміздің құрамасынан барлығы 34 спортшы аттанды.
Дүбірлі аламанға әлемнің 90-нан астам мемлекетінен спортшылар қатысады деп күтілуде.
Спортшылар алтын, күміс және қола медальдарға таласады. Айта кетерлігі, медальдар 2008 жылы Бейжіңде өткен Жазғы Олимпиаданың жүлделеріне ұқсас. Қытай астанасы қысқы және жазғы ойындарды өткізіп отырған әлемдегі ең алғашқы қала екені белгілі.
Аспанасты еліндегі дүбірлі сайысқа алғаш рет Сауд Арабиясы мен Гаити де спортшыларын үкілеп қосып отыр. Ал спортшыларының саны жағынан АҚШ көш басында тұр. 223 атлет мұхит асып Бейжіңге келген. Канада да қысқы ойындарға 215 спортшысын қатыстырып отыр. Ресейден 212 спортшы бақ сынасады. Ал Қытай атынан 177 атлет қатысады.
baq.kz
Кеше, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек