Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыДзюдодан тұңғыш олимпиада чемпионы Елдос Сметов республикалық референдумға қатысып, өз таңдауын жасады. Бұл туралы zhambyl.okq сайтына сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Ол Тараз қаласындағы №82 референдум учаскесіне келіп дауыс берді. Мемлекет үшін маңызды оқиғада азаматтық парызын орындаған спортшы өз отандастарының дауысы келешек үшін айрықша мәнге ие екенін атап өтті.
Бүгінгі референдум барша қазақстандық үшін маңызды оқиға. Атом электр станциясын салу немесе салмау туралы таңдауды халықтың өзі жасап жатқанын жөн деп санаймын. Өз отандастарымды өз таңдауларын жасауға шақырамын. Себебі елдің болашағы қашан да халықтың қолында. Мен де қарапайым халықтың қатарындағы азаматпын. Менің де дауысым маңызды деп ойлаймын. Бүгін өз таңдауымды жасадым, - деді чемпион.
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді