11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керекҰлынан айырылып, қара шаңырағы өртенген Шерзаттың әкесі Қаржаубай Нұрымов мәлімдеме жасады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қайғыдан қан жұтып отырған әке өзін қылмыс болған күні «камерада пышақ ұстап жүрді» деп айыптағандарға жауап берді.
Қайғы-қасіреттен шаршадым. Мен тек әділ сот болуын қалаймын. Менің не бауырымның кінәсі болса, жазаласын. Менің баламды өлтірген адам да әділ жазаға кесілсін. Себебі баламның жарақаттарын жасырмақ болды. Ештеңеге таңғалмайтын жағдайға жеттім. Олар пышақпен келді, мен ол жерге қағаз бен қалам ұстап шықпайтын шығармын. Егер біз қан төксек, қараласаңыздар, «қанішер» деп жазаласаңыздар болады. Ал біз қан төккен жоқпыз, төкпейміз де. Сондықтан мені не отбасымды қаралаудың қажеті жоқ. Егер өлтірген балалардың әкелері ер адам болса, олар менің алдыма келіп кешірім сұрар еді. Әлеуметтік желілерде үлкен кісілерді салып қойып немесе әйелдерді жіберіп қойып отырмаушы еді, - деп ашуға булықты Қаржаубай Нұрымов.
Айта кетейік, 4 қазанда Талғарда 16 жастағы Шерзат Болат есімді бозбала азғындықпен қаза тапқан болатын. Қазіргі кезде қылмыстық іс қозғалып, бірнеше күдікті екі айға қамауға алынды. Тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.
11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?10 Қыркүйек, 12:44
«Маугли қыз»: 17 жастағы қырғыз қызының ерекше қабілеті көпшілікті таңғалдырды10 Қыркүйек, 09:01
Швейцарияға барсаңыз, осы қателіктерді жасамаңыз: тәжірибелі гидтен 15 кеңес