10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыӘнші Өктем Алтаев Алматыға 2000 жылы анасы және 4 баласымен бірге көшіп келген. Ол “Алғашқы” бағдарламасында Алматыға алғаш келген жылдары зират басын тазалап, кейіннен наубайхана күзетішісі болғанын айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Алматыға бала-шағаммен қара түсті “Вольга” көлігімен келдік. Пәтердің алдына түсіп жатсақ, шешем бар, әйелім, 4 баланы көріп, көршілер сығандар келіпті деп айтыпты. Ортаншы қызым Алматыға келуімізді қатты қалады. Бірақ пәтерді көріп, ауылға қайтайықшы деді. Ол кезде 4 бала көп бала еді. Жұрттың бәрі қарайды. 4 балам бар десем, шалқасынан түседі. Содан үшеу деп айтатын болдым. Кейін мүлдем балаларымның санын айтпадым, - деді Өктем Алтаев.
Ол зират басын тазалап, шөп жұлған сәттерін айтып берді.
Әйелім медициналық тіркеуге тұрды. Содан медбике 4 баланы тіркеп жатқанда "оларды қалай асырайсыңдар" деп ұрысқан. Әйелім үйге жылап келді. Менде жұмыс жоқ. Сөйтіп, біз көпбалалы отбасыға берілетін жәрдемақы алып жүрдік. Бізді шақырып алып, жұмыс істетеді. Райымбек бабамыздың ескерткіші тұрған жердің ар жағында мазарат бар. Сол жерге мені жұмысқа тұрғызды. Мен орыстардың зиратында шөп жұлып, сыпыратынмын. Алматыдағы алғашқы қадам осылай бастады, – деді әнші.
Сондай-ақ Төлеби-Момышұлы қиылысындағы наубайханада күзетші болғаны да белгілі болды.
10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді