Кеше, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдарҰлыбритания Сыртқы істер министрі Дэвид Кэмеронның Астанаға ресми сапары аясында қазақ тілін үйрену және Қазақстанда британдық жоғары оқу орындарының филиалдарын ашуға бағытталған меморандумдарға қол қойылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Негізгі келісімдердің қатарында А.Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институты, Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы, «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ мен Оксфорд университеті арасында жасалған Оксфорд университетінде қазақ тілін оқыту бағдарламасын іске қосу туралы меморандум бар. Бағдарлама Oxford Birsöz initiative CIC бастамасы арқылы әртүрлі колледждермен және факультеттермен ынтымақтастықты қамтиды.
Бұл тарихи оқиға «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы Оксфорд ғалымдарымен салалық терминологиялық сөздіктерді құрастыру, Оксфорд университеті лингвистикалық зертханаларының тәжірибесін негізге ала отырып, аталған оқу орынының мамандарымен бірге «Тіл-Қазына» зертханасын құру және қазақ тілін шет тілі ретінде оқыту әдістемесін жүйелеу мен халықаралық стандарттау мақсатындағы ынтымақтастыққа қол жеткізді.
Әріптестік келісім негізінде Оксфорд университетінде қазақ тілін оқытуға негіз қалап студенттер, ғалымдар және профессорлар арасында қазақ тілінің барынша қолжетімді болуын қамтамасыз етеді. Қазақ тілінің әлем алдындағы беделін арттырады.
Айта кетерлік жәйт, ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек биылғы қаңтар айында Ұлыбританияда жоғарыда аталған меморандумдарды іске асыру туралы келіссөздер жүргізіп, Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша әзірленген Oxford Qazaq Dictionary сөздігінің бірінші басылымын ұсынған болатын.
Кеше, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдар13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?