Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыСыбайлас жемқорлықпен күрес агенттігінің ресми өкілі Арман Тілеукеновтен Әлия Назарбаеваның «ӨКМ Операторымен» байланысы туралы сұрады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қазір Әлия Назарбаеваның жағдайы қалай? Ол 2016 жылы «ӨКМ Операторының» алғашқы құрылтайшысы болды. Одан қалды осы іс бойынша тергелгендер ӨКМ жабылғанша оны басқа бір тұлға арқылы Әлия Назарбаева басқарғанын айтқан. Ендеше тұңғыш президенттің қызы неліктен осы күнге дейін сұралып не тергелген жоқ? – деп сұрады тілшілер.
Мәселе мынада, сот бұл іске нүкте қойды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің тергеу барысында ұсынған барлық дәлелі толық расталды. Бұл адамға келетін болсақ, мен оның тұрғылықты жерін білмеймін. Сот процесінде айтылған сөздерге келетін болсақ, тергеу жүргізу кезінде тегі мен осы заңды тұлғаға қатысы аталмаған, - деп жауап берлі Арман Тілеукенов.
Айта кетейік, бұған дейін «ӨКМ Операторы» ЖШС бұрынғы құрылтайшысы болып келген Әлия Назарбаеваның үй қызметшісі Шынар Мұхтарова сотқа процессуалдық келісім жасау туралы туралы өтініш берген болатын.
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді