20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекҰлттық қорғаныс университетінде жоғары оқу орнының магистранттары мен оқытушылары қазақтың ұлы композиторы Шәмші Қалдаяқовтың әуендеріне билеген жаңа жылдық бал өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, мәдени іс-шараға магистранттар, оқытушылар, олардың жұбайлары, әпкелері, қыздары мен әріптестері қатысты. Қарулы күштер Бас штабы академиясы, Құрлық әскерлері, Жан-жақты қамтамасыз ету, Әуе қорғанысы күштері, Әскери-ғылыми зерттеу орталығы, Жұмылдыру дайындығы және Азаматтық қорғау кафедрасы, Ұлттық ұлан факультеттері, сондай-ақ ҚР ҰҚУ басқармасы өкілдерінен сегіз команда құрылды.
Музыкалық кешке ерлі-зайыптылар бір айға жуық дайындалды. Офицерлік балдағы тамаша би композициялары көрерменге ерекше әсер етті.
Офицер жан-жақты болуы керек. Сондықтан, біз әскери өнерді үйрете отырып, магистранттарды шығармашылыққа баулып, әсемдікке тәрбиелейміз. Бұл іс-шараның офицер бойындағы тектілік қасиеттер мен батылдықты паш ететіні сөзсіз. Әрі біздің оқу орнының негіздері мен дәстүрлерін нығайтуға да тамаша мүмкіндік, – деп атап өтті Ұлттық қорғаныс университетінің бастығы генерал-майор Асқар Мұстабеков.
Магистрант майор Дулат Қайратов пен оның жұбайы Әсел балға Жан-жақты қамтамасыз ету факультеті атынан қатысты.
Ұлы қазақ композиторы Шәмші Қалдаяқовтың музыкасымен бірнеше ұрпақ тәрбиеленіп өсті. Ол кісіні «қазақ вальсінің королі» деп бекер атамайды. Бұл кеш бізге ерекше әсер қалдырды, – дейді майор Дулат Қайратов.
Би байқауының қорытындысы бойынша бірінші орынды Жан-жақты қамтамасыз ету факультетінің командасы иеленді. Екінші орынды Ұлттық ұлан факультетінің магистранттары алды. Ал үшінші орын Ұлттық қорғаныс университеті басқармасының өкілдерінде.
20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?