Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекБҰҰ Бас Ассамблеясының 79-шы сессиясы аясында Қазақстан премьер-министрінің орынбасары – сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеудің төрағалығымен Түркі мемлекеттері ұйымына (ТМҰ) мүше елдердің сыртқы істер министрлерінің бейресми отырысы өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
СІМ баспасөз қызметінің мәліметінше, отырысты ашқан Қазақстанның сыртқы саяси ведомствосының басшысы ТМҰ құрылуының 15 жылдығы қарсаңында өтіп жатқан кездесудің символдық мәні бар екенін атап өтті.
М.Нұртілеу осы кезеңде қол жеткізілген елеулі нәтижелерге тоқталып, қазіргі таңда халықаралық аренадағы түркі интеграциясының маңызды рөлін еске салды.
Ол сондай-ақ Қазақстан ТМҰ-ның 2023-2024 жылдары төрағасы ретінде «TURKTIME» ұранымен 80-нен астам іс-шара, соның ішінде 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын сәтті өткізгенін айтты
Кездесу барысында қатысушылар ТМҰ шеңберінде ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін, сондай-ақ 2024 жылғы қарашада Бішкекте өтуі жоспарланған Ұйымның 11-ші Саммитіне дайындық мәселелерін талқылады. Бұған қоса БҰҰ мен ИЫҰ сияқты халықаралық ұйымдармен ТМҰ-ның ынтымақтастығын нығайтуға ерекше назар аударылды.
Кездесуді қорытындылай келе қатысушылар ортақ мақсат – түркі елдерінің бірлігі мен ынтымағын нығайтуға жету үшін бірлескен күш-жігердің маңыздылығын атап өтіп, ТМҰ шеңберінде ынтымақтастықты тереңдетуге дайындығын растады.
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?