Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекНью-Йоркте Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының аясында Қазақстанның төрағалығымен Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесі Сыртқы істер министрлерінің бейресми кеңесі өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Оған Азия Кеңесі мүше мемлекеттерінің сыртқы саяси ведомстволарының басшылары қатысты.
Кездесудің басты назары 2022 жылы қазанда Астанада өткен 6-шы АӨСШК Саммитінің шешімдерін іске асыру мәселесіне бағытталды.
ҚР Премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу өз сөзінде Азия кеңесін толыққанды халықаралық ұйымға трансформациялауды іске қосуға бағытталған 6-шы Саммиттің нәтижесінде қабылданған Астана декларациясының маңыздылығын атап өтіп, мүше мемлекеттерге бұл қазақстандық бастаманы қолдағаны үшін алғысын білдірді.
Азия кеңесін одан әрі институционалдық дамыту перспективалары және сенім шараларын іске асыру бойынша практикалық қадамдар туралы пікір алмасылды.
Сыртқы істер министрлерінің кеңесі отырысының қорытындысы бойынша Азия кеңесін трансформациялау жөніндегі Жол картасы және АӨСШК Сыртқы істер министрлері кеңесінің Тұрақты даму үшін волонтерлік қызметті ілгерілету жөніндегі мәлімдемесі қабылданып, Азия кеңесі Бас хатшысының жаңа орынбасарының кандидатурасы бекітілді.
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?