Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекБас прокурордың орынбасары Әсет Шындалиев мәжіліс кулуарында Самат Әбішке қатысты сұрақтарға жауап берді, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.
Сөзінше, қазіргі таңда Самат Әбіш Қазақстанда жүр.
Оның ісі сотта екенін жақсы білемін. Сондай-ақ, ол Қазақстанда жүр. Оған Қазақстан шекарасынан тыс жерге шығуға болмайтын шешім шығарылған. Қалғанын айта алмаймын. Іс сотта қаралып жатыр, - дейді Әсет Шындалиев.
Айта кетейік, ҰҚК басшысының бірінші орынбасары болған Самат Әбішке қатысты іс Қаңтар оқиғасынан көп уақыт өткен соң қозғалды. Ал ҰҚК төрағасы болған Кәрім Мәсімов пен оның үш орынбасары Қаңтар оқиғасынан соң сотталған. Оларға "қызметін асыра пайдаланды", "билікті басып алмақ болды" деген айыптар тағылған еді.
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?