29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындыларыЭкс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың өмірі туралы жаңа кітап оқырманға жол тартты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бүгін Нұрсұлтан Назарбаевтың «Менің өмірім. Бодандықтан – бостандыққа» атты кітабы жарыққа шықты. Кітапты "Меломан" және "Алматыкітап" дүкендері желісінде сатып алуға болады, - делінген тұңғыш президенттің баспасөз қызметінің ақпаратында.
БАҚ-тағы ақпаратқа сүйенсек, Нұрсұлтан Назарбаев «Менің өмірім» атты естеліктер кітабында тұңғыш президент өмірінің саяси және жеке қырлары туралы сөз қозғаған. Кітап сатылымға шықпаған, алғашқы нұсқалары тек саясаткерлер, сарапшылар мен журналистертің қолына тиген көрінеді.
Кітапқа алғашқылардың бірі болып қол жеткізген саясаттанушының айтуынша, кітапта 2011 жылғы Жаңаөзендегі оқиғаларға, 2019 жылғы билік транзиті, қанды Қантарға арналған жеке тараулар бар. Сонымен қатар, Назарбаев алғаш рет екінші отбасы бар екені, әйелі Әсел Исабаева мен екі ұлы туралы жазған.
Айта кетейік, экс президент Нұрсұлтан Назарбаев інісі Болат Назарбаевтың қазасына көңіл айтқан барша жанға алғысын білдіргенін жазған едік.
29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек