Кеше, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдарыНазарбаев университеті, Назарбаев зияткерлік мектептері мен Назарбаев қорына қатысты заңға өзгеріс енгізілді. Енді Нұрсұлтан Назарбаев өз атындағы құрылымдардың басшысы лауазымын атқара алмайды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Қасым-Жомарт Тоқаев экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевты жоғары оқу орыны мен мектептердің, сондай-ақ өз атындағы қор басшысы ретіндегі мәртебесінен айыратын заңға қол қойды.
"Назарбаев университеті", "Назарбаев зияткерлік мектептері" және "Назарбаев қоры" туралы заңдарға өзгерістер мен толықтырулар енгізіліп, автономды білім ұйымдарының қамқоршылар кеңесін құрудағы мемлекет басшысының өкілетін белгіледі.
Осы уақытқа дейін жоғары қамқоршылық кеңесінің бірінші төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев болған. Ал жаңа өзгеріске сәйкес, жоғары қамқоршылық кеңесінің төрағасы президент немесе ол тағайындаған адам болады.
Бұдан басқа, құжат тағы бір өзгерісті көздейді: дарынды балаларды Назарбаев зияткерлік мектебінде оқытуға ақы төлеуге арналған "Өркен" білім беру грантын енді тұңғыш президент емес, мемлекет басшысы құратын болады.
Кеше, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар