19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?Қырғызстанда өтіп жатқан VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында Қазақстан құрамасының қоржыны тағы бір медальмен толықты.
Таяқ тартудан (маст-рестлинг) 90 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен қазақстандық спортшы Нұрсұлтан Есімбай үшінші орын иеленді.
Осылайша, отандасымыз жарыстың қола жүлдегері атанып, Қазақстан құрамасына кезекті медальді сыйлады.
Таяқ тарту – екі спортшының арнайы үстелде отырып, таяқты өз жағына қарай тарту арқылы күш сынасатын ұлттық спорт түрлерінің бірі. Бұл сайыста спортшыдан күшпен қатар, шапшаңдық, төзімділік пен дұрыс тактика талап етіледі.
Қазақстан құрамасы VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында спорттың бірнеше түрінен ел намысын қорғап жатыр.
Бұған дейін Қазақстан құрамасы Көшпенділер ойындарын екі алтынмен бастағаны туралы жазған едік.
19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары