Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыИорданияда күрес түрлерінен өтіп жатқан Азия чемпионатында Нұрқожа Қайпанов Азия чемпионы атанды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Еркін күрестен 74 келіде күрескен отандық бозкілем шеберлі шешуші сында қырғыз балуаны Орозбек Токтомамбетовті 2:1 есебін жеңді. Осылайша, қазақстандық балуан құрлық чемпионатында үшінші рет топ жарды.
Бүгін Қайпанов іріктеу бәсекесінде 1/8 айналымында Магомедрасул Аслуевты (Бахрейн), одан кейін ширек финалында моңғолиялық Батбаяр Батсухтан басым түсті. Ал жартылай финалда парсы балуанын 6:1 нәтижесімен қапы қалдырды.
Естеріңізде болса, Нұрқожа Қайпанов өткен жылдың соңында Тиранада өткен әлем чемпионатында 70 келіде чемпион атанған болатын.
Сондай-ақ бүгінгі сында 86 келіде Болат Сақаев финалда парсы балуанымен чемпиондықты сарапқа салады. Ал 92 келіде Азамат Дәулетбеков қола жүлде үшін күреседі.
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді