Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9-12 мамыр күндері Түркияның Стамбул қаласында өтетін күрес түрлерінен соңғы іріктеу турниріне қатысатын Қазақстан құрамасы сапында өзгеріс орын алды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Olympic.kz-ке сілтеме жасап.
Еркін күрестен Қазақстан командасының бас бапкері Мадияр Құрамысов 74 келі салмақта Нұрғожа Қайпановтың белдесетінін мәлімдеді. Бұған дейін аталған салмақта Талғат Сырбаз күреседі деп жоспарланған.
Талғат Сырбаз белін жарақаттап алды. Сол себепті, Стамбулдағы турнирге Қайпанов қатысады, - деді бас бапкер.
Нұрғожа Қайпанов Бішкекте (Қырғызстан) өткен лицензиялық турнирге қатысып, жартылай финалда ирандық балуанға ірі есеппен жол берген еді.
Еске салайық, еркін күрестен Қазақстан командасында 57, 65 және 74 келі салмақта Олимпиада жолдамасы жоқ.
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді