29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындыларыҚазақстандық еркін күрес шебері Нұрқожа Қайпанов Астанада өтіп жатқан 2026 жылғы әлем чемпионатының финалына жолдама алды. Осылайша, ол Қазақстан құрамасының қоржынына кемінде күміс медаль түсіретініне кепілдік берді.
74 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен Нұрқожа Қайпанов жартылай финалда жапониялық Ёсиносукэ Аоягимен белдесті. Тартысты өткен кездесуде отандасымыз қарсыласын 3:1 есебімен жеңіп, алтын медаль үшін күресуге мүмкіндік алды.
Қазақстандық балуан финалға дейін төрт кездесу өткізіп, барлығында жеңіске жетті. Алғашқы белдесуінде Косово өкілі Эгзон Хониді 10:0 есебімен мерзімінен бұрын жеңсе, келесі айналымда әзербайжандық Туран Байрамовтан 4:0 есебімен басым түсті.
Ал ширек финалда Тәжікстан атынан өнер көрсететін Виктор Рассадинді 11:0 есебімен ойсырата ұтып, жартылай финалға сенімді түрде жолдама алды.
Өз кезегінде жапониялық Ёсиносукэ Аояги 1/8 финалда Испания атынан сынға түскен Мохаммад Моттагинияны 4:1 есебімен жеңіп, ширек финалда Бахрейн өкілі Магомедрасул Аслуевтен 5:2 есебімен басым түскен болатын.
Айта кетейік, Нұрқожа Қайпанов пен Ёсиносукэ Аояги бұған дейін де әлем чемпионатының финалында кездескен. 2024 жылы Албанияда өткен дүниежүзілік додада қос балуан 70 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде алтын медаль үшін белдескен еді. Сол жолы Қайпанов жапониялық қарсыласын жеңіп, әлем чемпионы атанған болатын.
Нұрқожа Қайпанов – 2024 жылғы әлем чемпионы, 2019 жылғы әлем чемпионатының күміс және 2025 жылғы әлем біріншілігінің қола жүлдегері. Ал оның жапониялық қарсыласы Аояги 2025 жылы әлем чемпионы атанып, 2024 жылы күміс медаль жеңіп алған. Екі спортшы да бұл жетістіктеріне 70 келіге дейінгі салмақта қол жеткізген.
Осылайша, Нұрқожа Қайпанов өз елінде өтіп жатқан әлем чемпионатының финалына шыққан алғашқы қазақстандық балуан атанды.
Енді отандасымыз шешуші белдесуде әлем чемпионы атағы үшін күреседі.
29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек