23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келдіГонконгте өткен дзюдодан Азия чемпионатында қазақстандық Нұрқанат Серікбаев бесінші орын алды. 60 келі салмақтағы ел үздіктерінің бірі сәтсіздік себебін түсіндірді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Olympic.kz-ке сілтеме жасап.
Азия біріншілігіне бабымда бардым. Қандай да бір кедергілер болған жоқ. Сондықтан, жеңіліске өзім кінәлімін. Жартылай финалда Токио Олимпиадасының күміс жүлдегері Янг Веймен белдесіп, қосымша уақытта ескерту саны бойынша ұтылдым. Ал қола медаль үшін күресте қарсыласымды "ваззари" ұпайымен жеңіп жатқан едім. Соңғы бір минутта босаңсып кеттім. Қарсыласым осы сәтті пайдаланды. Енді мұнымен тоқтамай, алда өтетін екі ірі турнирде жүлде алуға тырысамын. Алдымен Душанбедегі (Тәжікстан), кейін Астанадағы Grand Slam турнирлеріне қатысамын, - деді Серікбаев.
Нұрқанат Серікбаев 60 келі салмақ дәрежесіндегі олимпиадалық рейтингте 14-орында тұр.
23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады