Бүгiн, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлікМемлекет басшысының өкімімен Нұрмұхамед Исманұлы Байғараев Қазақстан Республикасы Президентінің Баспасөз хатшысы лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Нұрмұхамед Байғараев «Болашақ» бағдарламасы арқылы 2017 жылы Ұлыбританияның Ланкастер университетінде білім алған (MSc of Project Management).
Бірқатар баспасөз басылымдары мен электронды БАҚ-та жұмыс істеген, «Айқын» газетінің бас редакторы, «Егемен Қазақстан» басылымында бас редактордың орынбасары қызметін атқарды. Сондай-ақ баспа бұқаралық ақпарат құралдарын дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін Президент грантына ие болған.
Биыл ақпан айынан бері ҚР Президенті Баспасөз хатшысының орынбасары қызметін атқарды.
Айта кетейік, бұған дейін бұл лауазымда қызмет атқарған Руслан Желдібай Қазақстан Республикасы Президентінің ішкі саясат мәселелер және коммуникациялар жөніндегі көмекшісі болған еді.
Бүгiн, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер