10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыНұрлыхан Шархан Парижде өтіп жатқан әлемдік Grand Slam жарысының қола жүлдесі үшін күреседі, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі ҚР дзюдо федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Парижде дзюдодан әлемдік Grand Slam жарысы өтіп жатыр. Жарыстың үшінші күнінде қазақстандық дзюдошы Нұрлыхан Шархан кіші финалға шықты. Қола жүлде үшін белдесуде отандасымыздың қарсыласы Эйч Даниэль (Швейцария) болмақ.
Нұрлыхан Шархан іріктеу кезеңінде қарсылас шақ келтірмей, өз тобынан үздік шықты. Ол алғашқы айналымда Натаниэль Киваны (АҚШ), одан кейін әлем рейтингінің үшінші орнында тұрған Нидерланды спортшысы Майкл Коррелді ұтты. Ширек финалда Александр Куколды (Сербия) қосымша уақытта вазари ұпайымен ұтып жартылай финалға шықты.
Жартылай финалда екі дүркін әлем чемпионы испаниялық Николоз Шеразадишвилимен кездесіп, қарсыласына есе жіберді.
Жарыстың финалдық кезеңі Астана уақытымен сағат 22:00-де басталады.
10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді