30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тарттыАса ауыр салмақта өнер көрсететін қазақстандық боксшы Нұрлан Сапарбай Дубайда (БАӘ) өтіп жатқан IBA әлем чемпионатында алғашқы жекпе-жегін сәтті аяқтады, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
92 келіден жоғары салмақта 1/8 финалда шаршы алаңға шыққан Сапарбай IBA-PRO лигасының өкілі Иман Раамезанпурделвармен күш сынасты. Үш раундқа созылған тартысты айқастың қорытындысы бойынша қазақстандық боксшы төрешілердің бөлінген шешімімен (4:1) жеңіске жетті.
Осы нәтижеден кейін 2025 жылғы Қазақстан чемпионы Нұрлан Сапарбай ширек финалға жолдама алды. Ал оның қарсыласы жарыс жолын осы кезеңде аяқтады.
Айта кетейік, әлем чемпионаты 13 желтоқсанға дейін жалғасады. Турнирдің жалпы жүлде қоры – 8,32 миллион доллар.
30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тартты29 Шілде, 13:10
Жаңа пандемия кез келген уақытта басталуы мүмкін: ДДҰ не дейді?27 Шілде, 18:09
«Бәрі қаржыға байланысты»: Неліктен «Қайрат» еурокубоктағы матчын Түркістанда өткізеді24 Шілде, 11:39
Мадина Ералиеваға құрмет: Ерке Есмахан үш жылдық үзілістен соң сахнаға оралды