19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?Танымал имам, дінтанушы, теолог, психолог Нұрлан Байжігітұлы Астана қаласындағы Ырыскелді қажы атындағы мешітке бас имам боп тағайындалды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Заманауи бағыттағы уағыздарымен көптің жүрегін жаулаған имам Нұрлан Байжігітұлы өзінің Instagram әлеуметтік желіcіндегі парақшасында жаңалығымен бөлісті.
Бісмілләһир-Раxманир-Раxим! Алланың қалауымен, елдің ақ тілегімен бүгін Астанамыздағы “Алланың гүлі” аталып кеткен Ырыскелді қажы атындағы мешітке бас имам боп тағайындалдым. Бұл мен үшін қуанышты жаңалық! Енді Астана жұртшылығымен және қала қонақтарымен осы мешітте жүздесеміз. Еліміз тыныш, жұртымыз аман, бірлігіміз берік, руханиятымыз тұғырлы болсын, – деп жазды Нұрлан имам.
Айта кетейік, бұған дейін Нұрлан Байжігітұлы Алматыдағы “Зәм-зәм” мешітінің бас имамы қызметін атқарған болатын.
19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары