28 Қыркүйек, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдарБелгілі күйші, сазгер Нұрғиса Тілендиевтің жары Дариға Тілендиева қайтыс болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қайғылы хабар Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық халық аспаптар оркестрінің әлеуметтік желідегі парақшасында жарияланды.
Қазақстанның еңбек сіңірген артисі, талантты актриса, күйші, сазгер, Халық қаһарманы Нұрғиса Тілендиевтің жары Дариға Тілендиеваның өмірден озуына байланысты қайғыра көңіл айтамыз. Дариға Тілендиева ұлттық мәдениетіміздің дамуына сүбелі үлес қосқан көрнекті өнер иесі. Ол Халық қаһарманы, күйші-композитор Нұрғиса Тілендиевтің өмірлік жары ғана емес, сазгердің шығармашылық мұрасын сақтап, кейінгі ұрпаққа жеткізген тұлға болды. Дариға Тілендиева "Қазақфильм" киностудиясында түсірілген "Алты жасар Алпамыс", "Құлагер", "Ақ машина", "Жамбылдың жастық шағы", "Қоштасқым келмейді" сынды көркем фильмдері арқылы, ұлттық кино өнерінде өшпес із қалдырды. Оның өнері мен рухани мұрасы қазақ халқының жүрегінде мәңгі сақталады, – деп жазды оркестр ұжымы.
Айта кетейік, Нұрғиса Тілендиев пен Дариға Тілендікеліні 1967 жылы Алматыдағы киностудияда танысқан екен. Сол сәтте 42 жастағы аты әйгілі музыкант 19 жастағы өрімдей қызды бірден ұнатып, сезімін білдірген. Көпшілікке танымал "Куә бол" әні – композитордың сүйген жарына арнаған ең алғашқы туындысы.
28 Қыркүйек, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдар13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?