28 Қыркүйек, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдарҚазақстандық танымал тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы мен әзілкеш Нұрболхан Шарапов татуласты, деп хабарлайды деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Жайдарманшы Сұлтанқызынан көпшілік алдында кешірім сұрап, мұның бәрі балалықтың белгісі болғанын айтты. Осылайша ол оқырмандарын мазалаған сауалға да жауап бергенін алға тартты.
«Не болды?», «Сендердікі хайп болды ма?», «Шынымен достастыңдар ма?» деген сұрақтарды әлі күнге дейін қояды. Барлығы өткінші екен, өтеді де кетеді. Қанша дегенмен көрісіп, білісіп жүрген жандармыз. Көрерменнің, сіздің және менің оқырманымның алдында сізден кешірім сұрайын деп тұрмын. Кіші болып қоя салуыма болар еді. Бірақ сол кездегі эмоцияның, балалықтың, шалалықтың тірлігі деп білемін. Сізден шын жүректен кешірім сұраймын, егер кешіре алсаңыз. Сәлеміміз түзу болсын, - деді Нұрболхан.
Алдағы уақытта мұндай жағдай қайталанбайтынына сенім білдірді.
Оның сөзін Ләйлә Сұлтанқызы да қолдап, қазір екеуі де есейгенін айтты.
Үлкен болып мен қоймадым, кіші болып сен қоймадың. Уақыт, жағдай есейтті. Сен де әке атандың, мен де ұлдарып өсіп келеді, - деді ол.
Естеріңізде болса, 2019 жылы Нұрболхан Ләйлә Сұлтанқызының бағдарламасын сынап, екеуара дау сотқа дейін жеткен. Бес ай бойы жүрген сот процесінің қорытындысы бойынша Нұрболханды сот кінәсіз деп тапқан болатын.
28 Қыркүйек, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдар13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?