Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыБокстан Париж Олимпиадасында Нұрбек Оралбай ширек финалға жолдама алды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Жекпе-жектің алғашқы раунды қазақ боксшысының басымдығымен өтті. Соған байланысты төрешілер де 5:0 есебімен жеңісті Нұрбектің пайдасына берді.Бірақ екінші раундта Питерс ашық айқасқа көшіп, оның оң қолымен соққан ауыр соққысы қазақ боксшысының бетіне тиген соң төреші нокдаун ашқан болаты.
Осыдан кейін қарсыласы Каллум тоқтаған жоқ. Оның соққыларының көбі дәлдеген жеріне жетіп, ұпай саны жағынан Нұрбекті қуып жетті деуге болады. Төрешілер де бұл раундта Питерс 5:0 есебімен жеңді деп шешті.
Шешуші үшінші раундта қос боксшы да ашық шабуылға көшті. Десе де, Нұрбек шабуылда да, қорғаныста да сауатты жұдырықтасып, жеңіске лайық екенін дәлелдей алды. Қорытынды есеп – 3:2, Нұрбек Оралбайдың пайдасына бұйырды.
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді