Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекҚазақстан ұлттық құрамасының қорғаушысы Нұралы Әліп 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңіндегі Уэльс құрамасына қарсы матч туралы пікірін айтты, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
– Ұлттық құраманың матчтарын асыға күттім. Жігіттер бір-бірін сағынып қалғаны байқалады. Бәрі ертеңгі ойынға тас-түйін дайын. Жаттығуларда барымызды салып, бапкерлік штабтың тапсырмаларын орындап жүрміз. Ертең біртұтас әрі жақсы ойын көрсетеміз деп сенемін.
– Нұралы, сіз құраманың капитаны болуға дайынсыз ба?
– Бас бапкер айтқандай, бұл мәселені бүгін кешке команда болып шешеміз. Егер мені капитан етіп тағайындаса, әрине, мойныма үлкен жауапкершілік артылмақ. Көп жыл бойы Асхат ағамыз капитан болды. Егер капитан болсам, алаңда да, оның сыртында да көшбасшы болуға тырысамын.
– Ойынға дайындық қалай өтіп жатыр? Көңіл күй қалай?
– Ұлттық құраманың базасына әрқашан көтеріңкі көңіл күймен келемін. Ал жігіттерге келер болсақ, бәрі 100% дайын.
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?