29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындыларыҚазақстан ұлттық құрамасының ойыншысы Нұралы Әліп оқу-жаттығу жиын туралы, Дания және Финляндия құраламаларына қарсы өтетін матчтар туралы пікірін айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Біріншіден, ұлттық құрамаға қосылуға қуаныштымын, өйткені мен үйдемін. Астана мен Алматыда өзімді үйдегідей сезінемін. Жаттығулар жақсы өтіп жатыр. Кеше физикалық жаттығулар болды, бүгін тактика. Ертеңгі жаттығуда біз шабуылдарды бастау үшін жұмыс істейміз. Алдағы жаттығуларға осындай жоспарларымыз бар, - деп бөлісті футболшы.
Сондай-ақ ол келер матчқа қатысты ойын айтты.
Қарсыластар турнир кестесінде бізден жоғары тұр. Өкінішке қарай, алдыңғы кезеңнен кейін 4-орынға түсіп қалдық. Егер бәрі жақсы болса, біз Даниядан 3 ұпай алуға тырысамыз. Екі ойынды сыртта ойнайтын боламыз. Бірақ мен Дания мен Финляндияда да қолдаусыз қалмайтынымызға сенімдімін. Мысалы жанкүйерлер "Астана Аренада" "Атамекен" әнін орындағанда, өте әсерлі, - деді Әліп.
29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек