Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыБұл туралы ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары Бақытжан Слямов Орталық коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында айтты, деп хабарлайды El.kz.
«2018 жылы Қазақстан-Қытай шекарасында мемлекет пен жеке әріптестік механизмі арқылы «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық транзиттік дәлізінде орналасқан жаңа «Нұр Жолы» автомобиль өткізу пункті пайдалануға берілді. Өткізу пункті Орта Азиядағы ең ірі және технологиялық жағынан озық. Құрылысқа арналған инвестициялық шығындар шамамен 69 млрд теңгені құрады», - деді ол.
Күнделікті 2,5 мың көлік, оның ішінде 2200 жүк көлігі мен 300 автобус пен жеңіл автомобильдер қатынайтынын атап өтті.
«Соңғы 4 жылда өткізу пунктінен 209 432-ден астам көлік құралдары өтті, 223 356 млн теңгеден астам кедендік баждар мен салықтар түсті. Бұл ескі «Қорғас» өткізу пунктімен салыстырғанда 4 жыл ішінде көлік саны 1,6 есе өсті, төлемдер түсімі 546,6%-ға артты», - деді Бақытжан Слямов.
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді