Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыНаурыз мейрамы аясында Қазақстанның Ослодағы Елшілігінде Норвегиядағы қазақ диаспорасының өкілдерімен кездесу өтті, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Норвегия Корольдігіндегі елшілігіне сілтеме жасап.
Кездесу барысында Елші Әділ Тұрсынов Норвегиядағы қазақ диаспорасының белсендісі Лилиан Басташ-Халворсен ханымға Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Құрмет Грамотасын табыс етті.
Мемлекет басшысының Құрмет грамотасында Л.Басташтың «Қазақстан және Норвегия халықтарының арасындағы достық қарым-қатынас пен мәдени байланыстарды нығайтуға қосқан елеулі үлесі, Еуропадағы қазақ диаспорасына қолдау көрсету жөніндегі белсенді қызметі үшін» марапатталғаны атап өтілді.
Лилиан Басташ қазақ тілінде сөйлеген сөзінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа марапаты үшін алғыс айтып, Қазақстан халқына амандық пен өркендеу тіледі.
Л.Басташ 1989 жылы жұбайы Махмұт Басташпен (1956-2021 жж.) бірге Норвег қазақ қоғамын құрып, Норвегиядағы қазақ мәдениеті мен салт-дәстүрін қолдау, Қазақстан туралы ақпаратты Еуропаға тарату, жаңа тәуелсіз елге көмек тартумен айналысты.
1990 жылдардың басында Махмут пен Лилиан Басташ Қазақстанда бірнеше қайырымдылық шараларын жүзеге асырды, атап айтқанда, Республикалық мүгедектер қоғамына және Алматы қаласындағы №3 балалар үйіне гуманитарлық көмек ұйымдастырды.
Л.Басташ 1992 жылы өткен Дүниежүзі қазақтарының бірінші құрылтайына белсене қатысып, 1994 жылы Лиллехаммер қаласында өткен қысқы Олимпиада ойындарында Қазақстан делегациясына қолдау көрсетті, 2008 жылы Ослода өткен Еуропа қазақтарының құрылтайын ұйымдастыруға атсалысты.
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді