Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекҚазақстанның Норвегиядағы Елшісі Әділ Тұрсынов Норвегия университеттерінде білім алып жатқан қазақстандық студенттермен кездесті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі СІМ-ге сілтеме жасап.
Кездесу барысында Елшіліктің студенттермен өзара іс-қимылы, сондай-ақ Қазақстан-Норвегия ынтымақтастығы талқыланды.
Елші Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жүргізіп жатқан саяси реформалардың маңызы мен 19 наурызда өтетін Мәжіліс сайлауы туралы айтты. Ол қазақстандық студенттерді дауыс беруге белсенді қатысуға шақырды.
Жиын нәтижесінде қазақ мәдениетін бірлесіп насихаттау, жаңадан келген студенттерге қолдау көрсету, бірлескен жобаларды талқылау мақсатында Норвегиядағы қазақстандық студенттердің қауымдастығын құру туралы шешім қабылданды.
Норвегиядағы университеттердің отандас студенттері жаңа ұйымға қатысуға шақырылады. Қауымдастықтың ұйымдастыру мәселелері алдағы уақытта қаралатын болады.
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?