Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекНорвегия футбол құрамасы сырт алаңда Италияны 4:1 есебімен жеңіп, 2026 жылғы Әлем чемпионатына іріктеу кезеңінің соңғы турында финалдық сатыға жолдама алды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Топтағы 8 ойында 24 ұпай жинаған Норвегия I тобының турнир кестесінде бірінші орынға ие болды. Италия 18 ұпаймен екінші орынға тұрақтап, Әлем чемпионатына шығу үшін өтпелі ойын өткізетін болды. Италия құрамасы төрт дүркін Әлем чемпионы болғанымен, соңғы екі турнирге қатыса алмады.
Ал Норвегия соңғы рет Әлем чемпионатына 1998 жылы жолдама алған болатын. Францияда өткен турнирде команда 1/8 финалға дейін жетіп, сол жолы Италиядан 0:1 есебімен жеңілген.
Осы жеңіспен Норвегия Әлем чемпионатына қатысатын 32-ші команда атанды. Бұған дейін жолдама алыпқойған құрамалар: Мексика, АҚШ, Канада (ұйымдастырушылар), Жапония, Иран, Оңтүстік Корея, Иордания, Австралия, Өзбекстан, Жаңа Зеландия, Аргентина, Эквадор, Бразилия, Колумбия, Уругвай, Парагвай, Марокко, Тунис, Египет, Алжир, Гана, Кабо-Верде, Оңтүстік Африка Республикасы, Катар, Англия, Сауд Арабиясы, Сенегал, Кот-д’Ивуар, Франция, Хорватия және Португалия.
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?