Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекҚазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Станислав Черчесов қараша айында өтетін УЕФА Ұлттар лигасы аясындағы Австрия (14 қараша) мен Норвегияға (17 қараша) қарсы матчтарға шақырылған ойыншылардың кеңейтілген тізімін жариялады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Тізімге 37 ойыншы енді.
Қақпашылар: Игорь Шацкий («Ақтөбе»), Александр Заруцкий («Астана»), Стас Покатилов («Тобыл»), Темірлан Анарбеков («Жеңіс»);
Қорғаушылар: Әлібек Қасым («Ақтөбе»), Александр Марочкин, Ян Вороговский, Марат Быстров (бәрі – «Астана»), Нұралы Әліп («Зенит», Ресей), Роман Асранкулов, Еркін Тапалов (екеуі де – «Тобыл»), Лев Скворцов («Шинник», Ресей), Сергей Малый, Сұлтанбек Астанов (екеуі де – «Ордабасы»), Ұлар Жақсыбаев («Қызылжар»), Әділбек Жұмаханов («Атырау»), Мейрамбек Қалмырза, Асхат Балтабеков (екеуі де – «Жетісу»);
Жартылай қорғаушылар: Асхат Тағыберген, Бауыржан Исламхан, Айбол Әбікен (бәрі – «Ордабасы»), Рамазан Оразов («Силькеборг», Дания), Максим Самородов («Ахмат», Ресей), Бактиер Зайнутдинов («Бешикташ», Түркия), Аслан Дарабаев («Елімай»), Исламбек Қуат, Абзал Бейсебеков, Эльхан Астанов (бәрі – «Астана»), Ислам Чесноков («Тобыл»), Андрей Ульшин («Қайрат»), Ғалымжан Кенжебек («Акритас», Кипр);
Шабуылшылар: Абат Айымбетов («Адана Демирспор», Түркия), Айбар Жақсылықов («Қайсар»), Оралхан Өміртаев (БАТЭ, Беларусь), Рамазан Кәрімов («Астана»), Жан Әли Пайруз («Елімай»), Артур Шушеначев («Сочи», Ресей);
Нақты тізім шыққанға дейін өзгеріс болуы мүмкін. Оқу-жаттығу жиыны 10 қараша күні Алматыда басталады.
Айта кетейік, Қазақстан құрамасы УЕФА Ұлттар лигасы аясында екі матч өткізеді. 14 қарашада Станислав Черчесовтың командасы Австриямен кездеседі. Ойын Алматының Орталық стадионында өтеді. Басталуы 20:00-де.
Үш күннен кейін біздің команда Норвегияға қарсы сырт алаңда матч өткізеді. Ойын Осло қаласында «Уллеволь» стадионында өтеді.
Басталуы – Астана уақытымен 22:00-де.
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?