Бүгiн, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?Қол саусақтарымен жасалатын қарапайым техника тезірек ұйқыға кетуге көмектесуі мүмкін. Бұл туралы америкалық невропатолог Джеймс Паркер HuffPost басылымына берген сұхбатында айтты, деп жазады El.kz интернет порталы.
Дәрігердің сөзінше, әдістің мақсаты – стрессті азайту және кешкі уақытта босаңсуға жағдай жасау. Жаттығуды орындау үшін өзіңізге ыңғайлы қалыпты таңдаңыз: креслода отыруға немесе төсекке жатуға болады. Содан кейін бір қолды көтеріп, саусақтарды кеңінен ашып, екінші қолдың сұқ саусағымен әрбір саусақтың сыртқы сызығын баяу бойлай жүргізу қажет – бас бармақтан бастап шынашаққа дейін.
Маманның айтуынша, бұл жаттығудағы басты элемент – тыныс алу.
Әр қимылды терең әрі бірқалыпты тыныспен үйлестіру маңызды. Саусақ бойымен жоғары қозғалғанда мұрын арқылы тыныс алып, төмен түскенде ауыз арқылы дем шығару қажет, - деп түсіндірді Паркер.
Сондай-ақ, әдіс адамнан сезімдерге назар аударуды талап етеді. Бұл ойдың артық ағымын тоқтатып, мазасыздықты азайтуға көмектеседі. Әдетте дәл осы жайт адамға ұйқыға кетуге кедергі жасайды.
Бүгiн, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?Кеше, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары15 Қазан, 11:03
Дәрігерлерді қорғаудың жаңа жолы: Қазақстанда кімдерге 13 млн теңге төленеді