29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындыларыNeuralink компаниясы нейроимплант көмегімен компьютерді басқару жүйесіне Grok жасанды интеллект агентін біріктірді. Қозғалу және сөйлеу қабілетінен айырылған бүйірлік амиотрофиялық склероз дертіне шалдыққан адам енді ой күшімен виртуалды көмекшіні шақырып, оған түрлі тапсырмалар бере алады, деп жазады El.kz интернет порталы.
«Эй, Neuralink» деген пәрменнен кейін Grok компьютердің операциялық жүйесіне қол жеткізіп, пайдаланушының сұранысы бойынша қажетті әрекеттерді орындайды. Әзірлеушілер жүйеге сөйлеу ниетін автоматты түрде тану мүмкіндігін де қосқан. Яғни құрылғы адамның сөйлегісі келгенін анықтап, дыбыстық жазбаны қолмен қосуды қажет етпестен тиісті сигналдарды қабылдайды.
Сонымен қатар инженерлер нейроинтерфейстің iPhone смартфонымен үйлесімді жұмыс істеуін де сынақтан өткізген. Bloom қосымшасы ми сигналдары негізінде қалыптастырылған сөйлеуді тікелей телефон қоңырауына жеткізеді. Бұл пайдаланушыға жақындарымен байланысуға және смартфонның түрлі мүмкіндіктерін, соның ішінде тамаққа тапсырыс беру қызметін пайдалануға жол ашады.
Сынақ нәтижелері қандай?
Үй жағдайында жүргізілген 72 сағаттық сынақ кезінде мамандар ми сигналдарын визуалды түрде көрсететін жүйені де енгізген. Ол адамның ой арқылы түрлі әрекеттерді орындау кезінде пайда болатын ми белсенділігін бақылауға мүмкіндік береді. Осы арқылы нейрондық импульстерді компьютерлік пәрмендерге айналдыратын модельдерді жетілдіру көзделген.
Neuralink компаниясы сөйлеу интерфейсінің нәтижелерін де жариялады. Сынаққа қатысушылардың бірі жүйені қолданудың алғашқы аптасында ағылшын тілінде минутына 75 сөзге дейін теріп, 94,2 пайыз дәлдік көрсеткен.
29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек