Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыҰлттық ұлан сарбаздары несие төлеуден уақытша босатылады, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі Sarbaz.kz сайтына сілтеме жасап.
Өткен жылдың желтоқсан айында Қорғаныс министрлігі мен Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігімен сарбаздарға «несиелік демалыс» беру туралы меморандумға қол қойылды. Бұл туралы «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі айтты.
Осыған орай, «Шығыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты 5518 әскери бөлімінің заңгерлері кредиттік ұйымдарға барып, сарбаздардың несиесін шегеру жұмыстарын жүргізді.
Өкінішке қарай жас жігіттер әскерге дейін «ер жігіттің мойнында қыл арқан шірімейдіге» салып, несие үстінен несие ала берген. Әсіресе, микроқаржы ұйымдарынан ақша алғандардың саны басым. Егер оларды уақытша тоқтатпаса, берешек те күн санап өсіп, несие тарихына да нұқсан келмек. Сондықтан азаматтық борышын өтеуге келген жүз шақты борышкер-сарбаз әскери бөлім заңгерлерімен бірге банк бөлімшесіне барып, несие төлемдерін уақытша тоқтату туралы өтініш қалдырды, – дейді 5518 әскери бөлімі командирінің орынбасары майор Серік Ноғаев.
Еске салайық, бұдан былай сарбаздар әскердегі 1 жыл қызметі барысында банктер тарапынан несиелік берешекті өндіріп алу үшін борышкерлерді сотқа беруін уақытша тоқтатады. Мерзімді әскери қызметшілер азаматтық борышын өтеп келгеннен кейін ғана несиесін өтеуді жалғастырады.
Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыБүгiн, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?Кеше, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары