Кеше, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары2025 жылдың 14 қыркүйегінде Непалдың жаңа премьер-министрі Сушила Карки қызметіне ресми кірісіп, ел азаматтарын тәртіпсіздіктерден кейін сабыр сақтауға және елді қалпына келтіруге бірлесіп атсалысуға шақырды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Каркидің айтуынша, қаза тапқандардың отбасыларына 1 млн рупийден (шамамен 3,8 млн теңге) өтемақы беріледі, ал жараланғандарға медициналық көмек көрсетіледі. Ол өз кабинетінің басты мақсаты – елді «дұрыс жолға қайтару» екенін атап өтті.
«Z ұрпағы» деп аталған жаппай наразылықтар 8 қыркүйекте әлеуметтік желілерге уақытша тыйым салынғаннан кейін басталған. Кейін ол саяси элита арасындағы жемқорлық пен артықшылықтарға қарсы қозғалысқа ұласты. Ашулы топ парламент ғимаратын және ықпалды әулеттердің үйлерін шабуылдады. Полиция оқ атып, салдарынан кемінде 72 адам қаза тапты. Осы оқиғадан кейін премьер-министр Кхадга П. Оли отставкаға кетті.
73 жастағы Сушила Карки – Непал Жоғарғы сотын басқарған алғашқы әрі жалғыз әйел (2016-2017). Жаңа парламент сайлауы 2026 жылдың 5 наурызына белгіленді.
Кеше, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар