19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?Сүт өндіру саласындағы біліктілікті арттыру шарасы Алматы облысындағы "Байсерке Агро" оқу-ғылыми-өндірістік орталығының базасында өтеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қасым-Жомарт Тоқаевтың Германияға жасаған сапары барысында үшжақты ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды.
GFA Consulting Group GmbH (Германия), Қазақ агротехникалық университеті және "Бейсерке Агро" холдингі арасында мал шаруашылығы саласында жұмысшыларды даярлау саласындағы ынтымақтастық туралы үшжақты келісімге қол қойылды. Келісім аясында сүт өндірушілерге арналған консультациялық-оқыту орталығы ашылады. Жобаның бастамашысы ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі, - деді ведомствода.
Фермерлер мен ауыл шаруашылығы қызметкерлерін оқыту үшін агрохолдинг инфрақұрылымды 30 орындық дайын жатақханамен, асханамен, теориялық кабинеттермен, тәжірибе дағдыларын меңгеру үшін сауынның заманауи түрлері бар сүт фермасымен қамтамасыз етеді.
Дәл осындай орталық қазірдің өзінде еліміздің солтүстігінде жұмыс істейді. Онда Ақмола, Қостанай, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарындағы 16 тәжірибелік шаруашылықтың мамандары білім алып жатыр. Тәжірибе жұмысы сиырлардың өнімділігін арттыруға, жем-шөпке талдау жүргізуге, фермадағы жұмыс хаттамасын құруға және орындауға бағытталған.
Бір күн бұрын Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстандағы Шелл концернінің 30 жылдығына арналған мерекелік шараға қатысты.
19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары