Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыҚазақстан делегациясы ауыл шаруашылығы вице-министрі Ермек Кенжеханұлының басшылығымен Германияда өткен аграрлық іс-шараларға қатысып, стратегиялық келіссөздер жүргізді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Сапар барысында Германияның ауыл шаруашылығы министрі Джем Оздемирмен және Германияның азық-түлік пен ауыл шаруашылығы федералды министрлігінің парламенттік статс-хатшысы О. Никпен кездесулер өтті. Кездесулерде Орталық Азия елдері үшін Тұрақты егіншілік жөніндегі өңірлік орталық құру және екіжақты ынтымақтастық мәселелері талқыланды.
Тұрақты егіншілік жөніндегі өңірлік орталық құру туралы идея алғаш рет Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2023 жылы Германияға ресми сапары барысында ұсынылған болатын.
Қазақстандық делегация John Deere, DF Deutsche Forfait AG, BVVG және Innari сияқты жетекші неміс компанияларының өкілдерімен келіссөздер жүргізді. Келіссөздер барысында агроөнеркәсіптік кешендегі бірлескен жобалар мен Қазақстан экономикасына инвестиция салу мүмкіндіктері қарастырылды.
18-19 қаңтар күндері делегация 16-шы Берлин ауыл шаруашылығы министрлері конференциясына және «Grüne Woche» халықаралық көрмесіне қатысты. Қазақстан көрмеде агроөнеркәсіптік әлеуеті мен инвестициялық мүмкіндіктерін таныстырып, халықаралық серіктестермен ынтымақтастық перспективаларын талқылады.
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді