Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыПариж Олимпиадасының қола жүлдегері Назым Қызайбайға Алматы қаласының бокс федерациясы көлік сыйға тартты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Іс-шараға боксшылар мен ардагерлер қатысты. Қалалық бокс федерациясының вице-президенті Қайрат Дүйсенов Назым Қызайбайға Li-6 көлігін сыйға тартып, жеке бапкері Долкун Камековке ақшалай сыйақы берді.
Назым Қызайбай Париж Олимпиадасында 50 келі салмақта сынға түсіп, қола жүлде алған болатын.
Бұған дейін боксшыға Алматы облысынан және Алматы қаласынан пәтер кілті, көлік табысталған болатын. Ал бұл спортшының бесінші көлігі болып отыр.
Боксшы өзіне сыйланған көліктерді сататынын айтқан еді.
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді