22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алдыПарламент Мәжілісінің депутаты Снежанна Имашева Тұңғыш Президенттің ар-намысына тигені үшін қылмыстық қудалауды және 5 мың АЕК көлемінде айыппұл салуды көздейтін баптардың Қылмыстық кодекстен неліктен алынып тасталатынын түсіндірді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бұл туралы ол Мәжіліс кулуарында айтты.
Снежанна Имашева активтерді қайтаруға қатысты заң жобаларының пакетін қабылдау барысында Қылмыстық кодекстің 373 және 374-баптар алынып тасталатынын түсіндірді.
Осылайша, Қылмыстық кодексте бұдан былай «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентін көпшілік алдында қорлау немесе оның абыройы мен қадір-қасиетіне қолсұғушылық, Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің бейнесін бүлдіру; Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің заңды қызметіне кедергі жасау мақсатында оған немесе онымен бірге тұратын отбасы мүшелеріне қандай да бір нысанда ықпал ету» баптары алынып тасталады.
Бұл Конституция қабылдаған түзету аясында жүзеге асырылуда, қазір Конституцияда Елбасы мен оның өкілеттіктері туралы айтылмаған, сондықтан бұл баптар Қылмыстық кодексте қажет емес. Өйткені Елбасының мәртебесі деген жоқ, сондықтан қылмыстық жауапкершілік енді қажет емес және қолданылмайды, бұрын қолданылмаған, - деп түсіндірді Имашева.
22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова30 Сәуір, 23:45
Өзбек боксшыларының осал тұсын таптым І Түнгі 10-да ұйықтап қаламын – боксшы Темірлан Мұқатаев