20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекЕліміздің бірқатар өңірінде 10 маусым күні жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Солтүстік аймақтарда ауа температурасы біртіндеп төмендей бастайды. Кей жерлерде жел күшейіп, бұршақ жаууы мүмкін.
Астанада бұлтты ауа райы күтіледі. Жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Желдің жылдамдығы секундына 9-14 метр, екпіні 15-20 метрге дейін жетеді. Түнде ауа температурасы +13...+15 градус, күндіз +26...+28 градус болады.
Алматыда жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Түнде +19...+21 градус, күндіз +32...+34 градус ыстық болады. Шымкентте де күн ашық, ауа температурасы түнде +18...+20 градус, күндіз +32...+34 градусқа дейін көтеріледі.
Қонаев пен Семейде ең жоғары температура тіркеледі. Бұл қалаларда күндіз ауа температурасы +34...+36 градусқа дейін жетеді. Қонаевта түнгі температура +19...+21 градус болса, Семейде +15...+17 градус шамасында болады.
Өскеменде күндіз +32...+34 градус, Талдықорғанда +31...+33 градус, Түркістанда +33...+35 градус, Қызылордада +31...+33 градус, Таразда +30...+32 градус жылы болады.
Солтүстік және орталық өңірлерде ауа райы құбылмалы болады. Көкшетауда түнде +13...+15 градус, күндіз +23...+25 градус, Қостанайда +10...+12 және +23...+25 градус, Петропавлда +15...+17 және +23...+25 градус күтіледі. Аталған өңірлерде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды.
Павлодарда түнде +18...+20 градус, күндіз +31...+33 градус, Жезқазғанда +15...+17 және +25...+27 градус, Қарағандыда +15...+17 және +27...+29 градус болады. Кей өңірлерде желдің екпіні 15-20 м/с-қа дейін күшейеді.
Батыс Қазақстанда да тұрақсыз ауа райы сақталады. Атырауда жаңбыр жауып, найзағай күтіледі. Ауа температурасы түнде +18...+20 градус, күндіз +30...+32 градус болады. Оралда +13...+15 және +25...+27 градус, Ақтөбеде +14...+16 және +22...+24 градус, Ақтауда +17...+19 және +23...+25 градус күтіледі.
Синоптиктер найзағай, қатты жел және бұршақ кезінде сақ болуға кеңес береді.
20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?