Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек«Наурызнама» тұжырымдамасы аясында 15 наурыз – Қайырымдылық күніне орай, Астана қаласының Дене шынықтыру және спорт басқармасына қарасты мекемелер бірлесіп, «Шарапат» әлеуметтік қызмет көрсету орталығына барып, қарт спортшыларды Наурыз мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Кездесу барысында ардагерлермен жүздесіп, тоғызқұмалақ, дойбы, бильярд ойнап, ән айтып, емен-жарқын әңгімелесіп, оларға құрмет көрсетілді. Ардагерлер өз алғыстарын білдіріп, жастарға ақ баталарын берді.
Бізді елеп, арнайы келіп, сыйлықтар әкеліп, қуаныш сыйлағандарыңызға рақмет! Жастар, сендерге өмірдің барлық жақсылығын тілейміз. Дендерің сау болып, елге адал қызмет етіңдер!, – деп ақсақалдар ағалық-апалық ақ тілектерін жеткізді.
Іс-шара барысында қарттарға шағын сый-сияпаттар тарту етіліп, олар үшін ерекше мерекелік атмосфера ұйымдастырылды.
15 наурыз – қайырымдылық, мейірім мен тату көршілік тақырыбына арналған Қайырымдылық күні. Бұл күні жанашырлық пен өзара қол ұшын беру құндылықтарын қалыптастыруға бағытталған жаппай қайырымдылық шаралары өтеді. Қарияларға құрмет көрсету – біздің парызымыз! Олардың ақ батасы – біз үшін ең үлкен марапат!, – дейді қалалық Дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз хатшысы Мадина Айтқалиева.
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?