Мәдениет

Наурызды қайда атап өтеміз? Астанада мерекеге қызу дайындық басталды

14.03.2026 10:00
Диана Орынбасар
Фото: Артем Чурсинов

Астанада Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесіне дайындық қызу жүріп жатыр. Қаланың орталық алаңдарында мерекелік инсталляция орнатылып, ұлттық нақыштағы мүсіндер қойылып, алтыбақан мен этноауыл тігіле бастады. Даладағы қар мен суыққа қарамастан, елорда көшелерінде көктемнің ең басты мерекесінің лебі сезіледі.

Қалада мерекелік атмосфера пайда бола бастады

Астананың бірнеше жерінде ұлттық киім киген кейіпкерлердің үлкен мүсіні орнатылып жатыр. Қазақы камзол киген қыз бен жігіт бейнесіндегі композициялар мерекелік алаңның сәнін келтіріп тұр. Мұндай инсталляциялар қала тұрғындары үшін фотозонаға айналатыны анық. Әсіресе, балалар мен жастар үшін бұл жер мереке күндері ең қызықты орындардың бірі болмақ.

Ататүрік саябағы
Ататүрік саябағы

Ал кей жерлерде жұмысшылар үлкен мерекелік композицияны кранмен орнатып жатыр. Қала біртіндеп Наурыздың ерекше безендіруіне еніп келеді.

Ахмет Байтұрсынұлы көшесінің бойында қазақша киінген мүсіндер

Алтыбақан мен ұлттық ойын алаңдарын құрады

Мереке қарсаңында елорданың бірнеше алаңында алтыбақан құрылып жатыр. Алтыбақан — қазақ жастарының көне ойындарының бірі. Кешкі уақытта жастар осында жиналып, ән айтып, көңіл көтерген. Бүгінде бұл дәстүр Наурыз мейрамының ажырамас бөлігіне айналған.

Ататүрік саябағындағы алтыбақан

Сонымен қатар мерекелік алаңдарда:

сияқты ұлттық ойындар ұйымдастырылады.

Безендіру жұмыстары 

Этноауылдар мен киіз үйлер

Наурыздың басты символдарының бірі — киіз үй. Қазір қаладағы негізгі мерекелік алаңдардың бірінде ақ шаңқан киіз үйлерден тұратын этноауыл құрылып жатыр. Мұнда қонақтар қазақ халқының тұрмысымен танысып, ұлттық тағамдардан дәм тата алады.

Ататүрік саябағы 

Этноауылда қолөнер шеберлерінің көрмесі, ұлттық киімдер көрмесі және түрлі мәдени шаралар өтеді.

Қаланың орталығында ұлттық стильдегі аркалар

Елорда көшелерінде шығыс архитектурасынан шабыт алған сәндік аркалар орнатылып жатыр. Мереке күндері бұл жерлер қала тұрғындарының серуендеу және суретке түсу орындарының біріне айналады. 

Қалалық әкімдік 
Көше бойында ілінген жалаулар

Астанада Наурыз қай жерде тойланады

Биыл Наурыз мейрамы елорданың бірнеше негізгі алаңында өтеді. Мерекелік шаралар келесі орындарда ұйымдастырылады:

Сонымен қатар қаланың барлық ауданында шағын мерекелік алаңдар ұйымдастырылады.

«Мәңгілік ел» қақпасы
Қалалық әкімдіктің алдындағы көрініс
Ататүрік саябағы

Мерекеде не болады

Наурыз күндері елорда тұрғындары мен қонақтары үшін түрлі мәдени және ойын-сауық бағдарламалары жоспарланған.

Ататүрік саябағындағы сахна

Бағдарламада:

Наурыз — жаңару мерекесі

Наурыз — көктемнің, жаңарудың және бірліктің символы. Бұл күні адамдар бір-біріне ақ тілектер айтып, жаңа жылдың басталуын бірге қарсы алады. Ал Астанада мереке қарсаңында басталған дайындық жұмыстары қаланың біртіндеп көктемгі мерекелік көңіл күйге еніп келе жатқанын көрсетеді.

Ботаникалық бақ

Оқи отырыңыз