Кеше, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келдіҚоғамда қызу талқыға түскен дәстүрлі әнші Наркенже Серікбаеваға қатысты жағдайға байланысты оның тұңғышы Жансая Серікбаева пікір білдіріп, анасына қолдау көрсетті, деп хабаралайды El.kz интернет порталы.
Анам – өмірде де, өнерде де парасатты жолды таңдаған жан. Туғаннан бойына сіңген қазақы тәрбие мен рухани құндылықтар оны кез келген жағдайға сабырмен қарауға үйретті. Осы жолы да анам ел алдына шығып, дау туғызған тарапты кешіру арқылы шынайы адамгершілік пен көрегендіктің үлгісін көрсетті. Бұл әлсіздік емес, керісінше, ішкі күштің, рухтың белгісі, – деді Жансая Серікбаева.
Оның айтуынша, Наркенже Серікбаева қандай да бір араздық пен кекшілдікке жол бермей, қоғамға түсіністік пен татулық қажет екенін өз ісімен дәлелдеген.
Біз анамыздың бұл шешімін толық қолдаймыз. Жалаң эмоцияға емес, сабыр мен парасатқа сүйенген кез келген шешім – өзектілігін ешқашан жоғалтпайды, – деп түйіндеді ол.
Айта кетейік, Наркенже Серікбаеваның басшылық тарапынан қысымға ұшырадым деген видеосы әлеуметтік желіде кеңінен тарап, қоғам талқысына түскен еді.
Кеше, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады