Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыБүгін Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Жансейіт Түймебаевты қабылдады деп хабарлайды elbasy.kz.
Кездесу барысында Қазақстанның Тұңғыш Президентіне Ж.Түймебаев Қазақстан халқы Ассамблеясының қызметі туралы баяндады.
- Ассамблеяның алдында тұрған міндеттер айқындалды. ХХVІІ сессияда қабылданған шешімдер бар. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауында басым бағыттар жария етілді. Аймақтағы этномәдени бірлестіктерді тарта отырып, оның дәріптелуі мен насихатталуын қамтамасыз ету маңызды. Барлық облыстарда сәйкесті жұмыстар жүргізу керек, - деді Елбасы.
Сондай-ақ, Нұрсұлтан Назарбаев ҚХА-ның халықаралық бағыт бойынша қызметін күшейтудің маңыздылығын атап көрсетті.
- Сіздің тапсырмаларыңызды орындау үшін Ассамблеяның жұмысын жандандыру жөнінде бірқатар шаралар қабылданды. Аймақтық аспектіге ерекше көңіл бөлінуде. 2 ай ішінде 2000-нан астам іс-шара өткізіліп, онда 4,5 миллион адам қамтылды, - деп мәлімдеді Жансейіт Түймебаев.
Кездесудің соңында Қазақстан халқы Ассамблеясының Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев бірқатар нақты тапсырмалар берді.
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді