13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңызЕлордада медицина саласындағы 19 мемлекеттік қызметтің арасында 18-і автоматтандырылған. Бұл туралы қаладағы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тимур Мұратов мәлім етті, деп хабарлайды El.kz сайты ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
«Мемлекеттік қызметтерді электронды түрде жүргізу тұрғысында жақсы жетістіктер бар. 2022 жылдың бірінші тоқсанының қорытындысы бойынша 2 967 507 қызмет көрсетілсе, соның 361 584-і (12,2 пайыз) қағаз нұсқада, ал 2 605 923-і (87,8 пайыз) электронды тәртіпте атқарылды. 2021 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда, көрсетілген қызметтердің жалпы саны 14,2 пайызға өсті. Осы орайда электронды нұсқадағы мемлекеттік қызмет 11,6 пайызға артқан», – деді Т. Мұратов қала мәслихатында өткен талқылаулар кезінде.
Оның айтуынша, 2022 жылдың басынан бері басқарма қызметтерді көрсету сапасын мемлекеттік қадағалау бойынша жұмыстарға кірісті. Бұған дейін осы қызмет әкім аппаратының құзырында болды. Бекітілген жоспар бойынша 12 ұйымды қамту ескерілген. Қазіргі кезде екі медицина ұйымы тексеруден өтсе, тағы біреуінде тиісті іс-шаралар жүргізіліп жатыр.
«Анықталған кемшіліктерді түзету бойынша жұмыстарды жалғастырып жатырмыз. Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік қызмет көрсету бөлігінде өзекті мәселелердің бірі ретінде алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымға тіркеу тәртібін айтуға болады», - деді Т. Мұратов.
13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?10 Қыркүйек, 12:44
«Маугли қыз»: 17 жастағы қырғыз қызының ерекше қабілеті көпшілікті таңғалдырды