29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындыларыЖаз мезгілінің басынан бастап Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» Мемлекеттік концерттік ұйымы «Жазғы кино» жобасын жүзеге асыруда. Оның аясында еліміздің барлық өңірлерінен келген балалар жаз айларында «Қазақстан» ОКЗ-да өтетін кинокөрсетілімдерге тегін бара алады, – деп хабарлайды El.kz.
Бұл туралы «Қазақконцерттің» баспасөз қызметі хабарлады. Жоба балаларды халқымыздың мәдени құндылықтарымен таныстыру, ішкі әлемдерін байыту және өскелең ұрпақтың рухани-адамгершілік дамуы мақсатында жүзеге асырылады.
Бұл жұмыс «Қазақфильм» АҚ және «Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы» КЕАҚ бірлесіп, балалар жылы аясында жүзеге асырылып отыр.
Маусым айының басынан бері 4 000-нан астам бала отандық үздік мультфильмдер мен көркем фильмдерді көріп үлгерді.
Көрермендердің алдында жаңа қазақстандық кинофильмдер мен анимациялық фильмдер көрсетіледі. 24 маусым күні сағат 15:00 және 19:00 – де «Нартай» фильмі, 25 маусым күні сағат 12:00 және 18:00 - де «Ұлы дала таңы» фильмі, 27 маусым күні сағат 12:00 және 19: 00-де «Паралимпиадашы» фильмі көрсетіледі.
Кинокөрсетілімге 8 708 888 19 91 телефоны бойынша жазылуға болады.
29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек