29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындыларыНұр-Сұлтан қаласының Жастар саясаты мәселелері басқармасының бастамасымен «Жасыл ел» еңбек жасақтарының XVIІІ маусымы жүзеге асырылуда, – деп хабарлайды El.kz порталы елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің мәліметінше, 2020-2021 жылдары «Жасыл Ел» отрядтарында 1 200 адамға орын бөлінген. Биылғы жылы бұл сан 1956-ға дейін өскен. Өсім 756 орынды құраған.
Қазіргі уақытта 14-17 жас аралығындағы кәмелетке толмаған еңбек отрядтарының қатысушылары қаланың білім беру мекемелерінің аумағында, ал 18 жастан асқан жастар саябақтарда, скверлерде жұмыс істейді. Олар көгалдандыру мен тазалауға қатысады.
Осы жылдың тағы бір ерекшелігі - қала басшылығының тапсырмасына сәйкес «Жасыл ел» жобасы аясында 14-29 жас аралығындағы жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға 500 орын қарастырылған. Оларға форма тегін беріледі. 64 564 теңге мөлшерінде ай сайынғы жалақы төленіп, 6 айға дейін жұмыс істеу мүмкіндігі беріледі.
«Жасыл Ел» жасағына жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жастарды қабылдау жалғасуда. Жұмыс орны, кестесі, уақыты, шарттары мен ұсыныстары туралы толығырақ @Ns_jastary Instagram аккаунтына жазып, білуге болады.
29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек