Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыБиылдан бастап Қазақстанда несие беру талаптары айтарлықтай қатаңдады. Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі қарыз алушыларды «жоғары тәуекел» санатына жатқызу критерийлерін кеңейтті, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Бұл банктердің клиенттердің төлем қабілеттілігін мұқият бағалайтынын және несие беру шешімдерін сақтықпен қабылдайтынын білдіреді.
Жарияланған қаулыға сәйкес, енді жоғары тәуекел санатына жатқызылатын жеке тұлғалар мынадай бір немесе бірнеше шарттарға сай болуы мүмкін:
Қаулыда көрсетілгендей, негізгі мақсат – азаматтардың шамадан тыс қарыз жүктемесі тәуекелін төмендету. Осыған байланысты дефолт ықтималдығын бағалау талабы несие берер алдында да, қарызды өтеу барысында да енгізіледі.
Егер банк қарыз алушыны жоғары тәуекел тобына жатқызса, онда оның қаржылық жағдайы тұрақты бақылауда болады. Бұл ықтимал мәселелерді ерте анықтауға және шешу жолдарын ұсынуға мүмкіндік береді.
Жоғары тәуекел санатындағы клиенттер үшін банктер қарызды қайта құрылымдау шарттарын ұсынуы тиіс. Бұл қадам берешекті автоматты түрде сот немесе коллекторлық агенттіктер арқылы өндіру жағдайларын азайтуға бағытталған.
Банктер берешекті сотқа дейін өндіру алдында қарыз алушының жеке және өмірлік жағдайын ескеруі міндетті. Қаржылық қиындықтар уақытша ма, әлде күрделі өмірлік жағдайға байланысты ма – осы факторларды бағалау арқылы банктер қарызды өтеу жолдарын барынша икемді әрі гуманды ұсынуы тиіс.
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді