22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды«Сағындым Алматымды» деп аталатын мерекелік кеш 17 қыркүйекте Төле би мен Абылай хан көшелерінің қиылысында орналасқан алаңда өтеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Алматы қалалық әкімдігінің мәліметінше, бұл күні алаңға жиналған көрермен заманауи қазақ музыкасының үш буынының ең жарқын өкілдері – «МузАрт», Қайрат Нұртас және Садраддиннің бір сахнада өнер көрсеткенінің куәсі болмақ. Бұл үш мықтының үлкен сахнадағы алғашқы кездесуі. Елдің сүйіктілері, миллиондаған тыңдармандардың кумирі, уақытқа бағынбайтын әндердің орындаушылары қайталанбас эмоция мен атмосфера сыйлауға дайын.
Осы жексенбіде КБТУ алдындағы алаңда келушілер ерекше алматылық vibe-ті сезіне алатын болады. Бұл кеш шығармашылықтың, еркіндіктің, жастықтың, сапалы музыканың, жарқын шоудың естелігі болмақ.
Оған қоса, музыка сүйер қауымның назарына сонау 80-жылдардан бастап бүгінгі күнге дейін ел аузынан түспей жүрген хит әндер ұсынылмақ. Оны орындайтындар:
«URKER» pop тобы, «Мюзикола» тобының солисі Карина Абдуллина, «Ай, ай, ай, Ақ сәулем» әнінің орындаушысы Өктем Алтаев;
Қазақ сахнасының жарқын өкілдері Саят Медеуов, Мәдина Сәдуақасова, Бақыт Шадаевалар;
Эстрада бағытын жандандырып жүрген әншілер Ғазизхан Шекербеков, Әбдіжаппар Әлқожа, Бағлан Әбдірайымов, Нұржан Халжан, Мөлдір Әуелбековалар;
Сахнада өзіндік орны бар Беркут пен Аиша, Бейбіт Қорған;
Заманауи толқынның өкілдері Тұрар, Маченский, AyaFunk, Ильхан бар.
Өтетін жері мен уақыты: Алматы қаласы, Төле би – Абылай хан көшелерінің қиылысындағы Астана алаңы
Концерт open air форматында астында өтеді.
Сағат 17:00-де басталатын кеш түнгі 23:00-ге дейін жалғасады.
22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова30 Сәуір, 23:45
Өзбек боксшыларының осал тұсын таптым І Түнгі 10-да ұйықтап қаламын – боксшы Темірлан Мұқатаев