Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыБіріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының 80-ші сессиясы аясында Премьер-министрдің орынбасары – сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына (ҰҚШҰ) мүше мемлекеттердің сыртқы істер министрлерінің жұмыс кездесуіне қатысты, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Іс-шараға қатысушылар БҰҰ Бас Ассамблеясының мерейтойлық сессиясының күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша пікір алмасты. Сондай-ақ ҰҚШҰ-ның БҰҰ-мен ынтымақтастығының басым бағыттарын талқылады.
М.Нұртілеу әріптестерін ҰҚШҰ қызметінің бірқатар аспектілері бойынша Қазақстанның ұстанымы туралы хабардар етті. Өңірлік құрылымның одан әрі дамуына байланысты өз көзқарасын білдірді. Кездесуге қатысушыларды Қазақстанның БҰҰ жүйесін және оның Қауіпсіздік Кеңесін реформалау жөніндегі бастамаларын қолдауға шақырды.
Ұйымға мүше мемлекеттердің сыртқы саяси ведомстволарының басшылары БҰҰ құрылғанына 80 жылдығына орай мәлімдеме қабылдады.
Министрлік кездесу дәстүрлі достық сипатта өтті, тараптар ҰҚШҰ-ның бәрін қамтитын ұйыммен одан әрі өзара тиімді ынтымақтастығын дамытуға ниетін растады.
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді